Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу өңірінен сатылып алынған кір жуатын ұнтақ пен ыдыс жууға арналған зат зертханада тексерілді

Жетісу өңірінен сатылып алынған кір жуатын ұнтақ пен ыдыс жууға арналған зат зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 15:00 Сурет: pxhere
Кір жуатын ұнтақ – Кеңес дәуірінен бері, ал 90-шы жылдардан бастап ыдыс жууға арналған жуғыш зат халықтың күнделікті тұтынатын тауарына айналды.

Талдықорған қаласында азық-түліктік емес тауарлар – фотода көрсетілген кір жууға арналған ұнтақ пен ыдыс жууға арналған зат сатылып алынды.

Жетісу өңірінен сатылып алынған кір жуатын ұнтақ пен ыдыс жууға арналған зат зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 15:00

Сурет: Жанна Биятан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасында Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) біртұтас санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізіліп, 2024 жылдың 5-шілдесіндегі №7/№4953/РO240002 және №8/№ 4953/РO240002 хаттамалары төмендегідей сәйкессіздіктерді анықтады:

"Aktive home Poly Wash" қолмен жууға және жартылай автоматты машиналарда кір жууға арналған ұнтақ пен Иранда өндірілген "Mayamay Dishwashing Liquid" ыдыс жуғыш затында:

  • өнімнің өтінім берушісі туралы ақпарат, оның ішінде шұғыл байланыс ақпараты, атауы немесе сауда атауы немесе тауар белгісі, өнімді нарыққа шығаруға жауапты тараптың толық мекенжайы мен телефон нөмірі (егер өтініш беруші өндіруші болмаса);
  • қауіптің сипаттамасы (мүше-мемлекеттерде белгіленген тәртіппен қабылданған сигналдық сөздерді немесе пиктограммаларды пайдалану мүмкіндігін қоса алғанда);
  • қауіптің алдын алу шаралары;
  • өнім партиясының сәйкестендіру деректері;
  • өндірілген күні көретілмеген.

Тұрмыстық химия өнімдерінің құрамына кіретін ингредиенттер тізімі де жоқ, олардың құрамы пайызбен көрсетіледі.

Жетісу өңірінен сатылып алынған кір жуатын ұнтақ пен ыдыс жууға арналған зат зертханада тексерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 15:00

Сурет: Жанна Биятан

Тұтынушы таңбаламасында тұтынушыны тұрмыстық химияның жағымсыз әсерінен қорғау шаралары, сақтау және пайдалану сақтық шаралары мен ережелері, өнімнің түріне байланысты ескерту жапсырмалары (мысалы: "Балалардан қорғаңыз!" немесе "Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз" немесе "Бөлшектемеңіз және балаларға бермеңіз!" "Өнім теріні тітіркендіреді", "Қолды қорғау құралдарын пайдалану міндетті" және т.б.);

Ілеспе құжаттамада немесе тұтынушы таңбаламасында және Қауіпсіздік мәліметтері паспортында қамтылуы тиіс тұтынушы туралы ақпарат жоқ.

Кір немесе тазалау өнімдері ретінде сатылатын синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өнімдерінің тұтынушы таңбаламасында қолданылатын жуу немесе тазалау әдісіне байланысты өнімнің ұсынылатын мөлшері мен дозасы туралы ақпараттар болып, олар оңай көрінетін және жойылмайтын әріптермен, химиялық заттар мен климаттық факторларға төзімді, өнімді пайдаланудың бүкіл кезеңінде сақталатындай анық таңбалануы тиіс.

Кір немесе тазалау өнімдері ретінде сатылатын синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өнімдерінің тұтынушы таңбаламасында қолданылатын жуу немесе тазалау әдісіне байланысты өнімнің ұсынылатын мөлшері мен дозасы туралы ақпараттар болып, олар оңай көрінетін және жойылмайтын әріптермен, химиялық заттар мен климаттық факторларға төзімді, өнімді пайдаланудың бүкіл кезеңінде сақталатындай анық таңбалануы тиіс.

  • Күнделікті сұранымдағы тауарлар – жеке және отбасылық тұтыну үшін үнемі пайдаланылатын азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар.
  • Халықтық тұтынатын тауарлар – кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсатында халыққа сатуға арналған тауарлар.

Күнделікті және халықтық тұтыну тауарларын екі топқа бөлуге болады.

  • Азық-түліктік емес тауарлар – мысалы, кеңсе тауарлары, косметика, аяқ киім, тұрмыстық химия, киім және т.б.
  • Азық-түліктік өнімдер – тағамдық қоспаларды қоса алғанда, тағам ретінде тұтынылатын тамақ өнімдері.

Азық-түлік тауарлары қолданыстағы Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 30-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзбаған жағдайда, сондай-ақ олардың сәйкестік туралы декларациясы болса қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды.

Ал дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, іш киімдерді, шұлық бұйымдарын, жануарлар мен өсімдіктерді, есептегіш тауарларды, абоненттік ұялы байланыс құралдарын қоспағанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы сақтаған жағдайда азық-түліктік емес тауарларды 14 күн ішінде айырбастауға немесе қайтаруға болады.

Тұтынушылар назарына:

Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары палатаның 2024 жылдың 4 қыркүйектегі жалпы отырысында еліміздегі тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Егер іске қосылмаған болса – ұялы телефондарды, сондай-ақ медициналық техниканы қайтармау туралы тармақты алып тастауы мүмкін.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: