Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған

Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 22:58 Сурет: pxhere
Талдықорған қаласында фри мен корн-дог етінің қайдан әкелінгені және олардың декларациясыз неліктен сатылғанын анықтаймыз.

Біз сатушылардан өнімнің құжатын сұрағанымызда көптеген кәсіпкерлер сәйкестік туралы декларацияның не екенін білмесе, кейбірі таңқалып, керісінше, оның не екенін өзімізден сұрап жатты, – деп түсіндіреді заңгер Жанна Биятан.

Сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіздік және сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігін растайтын техникалық регламенттің ресми құжаты болып табылады. 

Тамақ өнімдерінің барлық түрлерінің Қазақстан Республикасында сәйкестік туралы декларациялары болуы тиіс.

Сәйкестік туралы декларация ЕАЭО техникалық регламенттерінің ережелеріне сәйкес ресімделеді және ЕАЭО елдерінің аумағында қосымша рұқсатсыз заңды күші бар.

ЕАС декларациясын толтырғаннан кейін қазақстандық өндіруші немесе импорттаушы тауарларды тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Беларусьте, Қырғызстанда және Арменияда да сата алады.

Сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу

Декларация рәсімі екі кезеңнен тұрады:

  • зертханалық зерттеулер;
  • тізілімде тіркелу.

Алдымен сынақтар жүргізіледі, содан кейін сынақ хаттамасы шығарылады. Декларацияны тіркеу үшін құжаттардың көшірмелері, өнім үлгілері және кәсіпорынның электронды қолтаңбасы қажет, содан кейін ЕАС айналым белгісі тағайындалады.

Қаланың қақ ортасында сатылып жатқан қытай корн-догы (сыртында қамыры бар қуырылған шұжықша) бізге сәйкестік туралы декларациясын көрсетпеді, ал басқа танымал дүкендегі сатушылар фридің құжатын WatsApp мессенджері арқылы жіберуге уәде бергенімен, ол орындалмады. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның веб-сайтындағы сертификаттар мен сәйкестік декларацияларының дерекқорына сәйкес – Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінде, сондай-ақ қазақстандық тізілімде, – деп түсіндіреді Жанна Үрметханқызы, – осы өнімдердің тіркелгенін таба алмадық.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК лаборанттары да Еуразиялық экономикалық одақтың (бұрынғы – Кедендік одақ) бірқатар техникалық регламенттеріне қатысты сәйкессіздіктерді анықтады:

№1 сынама: Mezilik – Корн-дог, Қытайда жасалған:

Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 22:58

Сурет: Жанна Биятан

Қытай корн-догының ауыр металдардың тұздары мен микробиологиясын зерттеу хаттамасы қалыпты шектерде көрсетілді, алайда, 2024 жылдың 11 шілдесіндегі № 1168/4955/РO2400623 хаттамасы жарамдылық мерзімі жоқ екенін көрсетті, сондай-ақ Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты"  КО ТР 022/2011 техникалық регламенті 4-бабы, 4.1-тармағы 1-тармақшасының талаптары сақталмаған, сондықтан да өнімді толық бағалау мүмкін емес.  

№2 сынама: Германияда жасалған agrarfrost фриі

Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 22:58

Сурет: Жанна Биятан

Германияның agrarfrost фриіндегі қорғасын, күшала (мышьяк), кадмий, афлатоксин сияқты ауыр металдар, сонымен қатар микробиологиялық көрсеткіштер рұқсат етілетін шамада деп танылды.

Бұл ретте Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 жолтоқсанындағы №881 шешімімен бекітілген техникалық регламенттерге, сондай-ақ 1997 жылдың 11 шілдесіндегі "Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" заңына қатысты сәйкессіздіктер анықталды:

  • Тамақ өнімдерінің құрамы көрсетілмеген;
  • Тамақтың құндылығы туралы ақпарат жоқ;
  • Салмағы туралы ақпарат жоқ;
  • Сақтау шарттары көрсетілмеген;
  • Өндіруші мен импорттаушының атауы мен орналасқан жері көрсетілмеген;
  • КО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ;
  • Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №769 шешімімен бекітілген техникалық регламентке қатысты сәйкессіздік:

  •  Пиктограмма мен таңба (қаптама жасалған материалдың белгісі немесе әріптік белгісі), сондай-ақ Мебиус ілмегі жоқтығы анықталды.

Беларусь Республикасынан әкелінген өнімдер бізді аздап таңқалдырады. Әрбір дерлік қалалардан көршілердің ЕАЭО бойынша өнімдерін зерттеу үшін сатып алдық, сонда бәріндегі сәйкессіздіктер бірдей болды. Қазір Талдықорған қаласында сатылған өнім де КО 022/2011 ТР 4-бабының 4.1-тармағының 1-тармақшасы талаптарына сәйкес келмейді. Осыған қарамастан, Беларусь компанияларының өкілдері-заңгерлер мұндай сатылым фактілерін жоққа шығарады, дегенмен, бәрі хаттама мен фотосуреттер арқылы бекітілген. Меніңше, Қазақстанда мұндай өнімдер сатылмауы керек деп есептеймін, сонымен қатар мұны қазақтілді азаматтарға деген құрметсіздік деп санаймын – дейді тұтынушылар заңгері Жанна Биятан.

№3 сынама: Беларусь Республикасында өндірілген "Финский сервелат" ысталған шұжығы.

Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 22:58

Сурет: Жанна Биятан

Финдік сервелат нитриттерді, майдың массалық үлесін, микробиологиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ ауыр металдар тұздарының көрсеткіштерін кешенді зерттеу хаттамалары рұқсат етілген шектерде белгіленгенін көрсетті, бірақ 2024 жылдың 17 шілдесіндегі №1206/5247/PO2400646 хаттамасы қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығын көрсетті.

Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарынқорғау туралы" заңы 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі немесе 87054222739 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: