Жаңалықтар тізбегі
0

Балалық шақтың қауіпті дәмі: Ұлытау облысында мармелад таңбалауындағы бұзушылықтар анықталды

Балалық шақтың қауіпті дәмі: Ұлытау облысында мармелад таңбалауындағы бұзушылықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 16:21 Сурет: unsplash
Балалық шақтың бұл дәмі бәріне дерлік таныс – ауызға салсаң еріп кете беретін жұмсақ та, дәмді тілімдер. Кез келген бала мармеладтың сыртқы түрі мен иісі қандай болатынын жақсы біледі. Дәмі мен түсі ерекше бұл десерт тәттіжегіштердің жүрегін жаулап алды.

Бірақ мармеладқа деген сүйіспеншілік кейде жағымсыз жағдайларға соқтыруы да мүмкін. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі заңдылықтың сақшысы болды.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған тексеріс нәтижесі көрсеткендей, "Burger Jellopy" мармелады сияқты тіскебасар ешкімге пайда әкеле қоймасы анық.

"Бұл тіскебасардың даналары Ұлытау өңірі бойынша Ұлттық сараптама орталығына әкелініп, тексеруге жіберілді", – дейді қоғамдық ұйымның өкілі Ж.Биятан.
Балалық шақтың қауіпті дәмі: Ұлытау облысында мармелад таңбалауындағы бұзушылықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 16:21

Сурет: Жанна Биятан

Жаннаның айтуынша, мармеладтың қаптамасында не сериялық нөмірі, не шығарылған күні, не жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттар түсініксіз және оқуға қиындық туғызды.

Менің мармеладымның ақпараты қайда?

Мармеладтар, түрлі кәмпиттер: балалар мен ересектердің, сөз жоқ, дәмді десерттері?! Бұл кондитерлік өнімдер сіздің үстеліңізде пайда болғанына соншалықты қуана қоймауы мүмкін.

"Ұлытау өңірінің ұлттық сараптама орталығы" көпшіліктің сүйікті мармеладының тағы бір үлгісін сынақтан өткізді.

Аккредиттелген ұйым "Виноград суmеhoе" мармеладының үлгісіне зиянды заттардың бар-жоғын, сондай-ақ сатуға байланысты бұзушылықтар мен осы өнімнің қаптамасындағы сенімді ақпараттарды анықтады.

Балалық шақтың қауіпті дәмі: Ұлытау облысында мармелад таңбалауындағы бұзушылықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 16:21

Сурет: Жанна Биятан

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған тексеріс нәтижесі көрсеткендей, тәттілердің жағымсыз тосынсыйы бар болып шықты.

Жаннаның айтуынша, "Виноград сутеһое" мармеладының қаптамасында дәл алдыңғы сынама сияқты, шығарылған күні де, сериясының нөмірі де көрсетілмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде ақпараттар жоқ, ал орыс тіліндегі ақпарат толық берілмеген.

"Ал мұндай заңбұзушылықтарға Кедендік одақ аясында сатылатын өнімдерге жол берілмейтінін білеміз. Сонымен қатар, ұсынылған барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. Қазақстан Республиксы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген кез келген мәтін – ұсынылмаған болып саналады. Қорытындылай келе, өндіруші елі көрсетілмеген", – деп қосты Ж Биятан.

Мармеладтың құрамы

Көбінесе мұндай десерттер пектин, желе түзуші заттек, қант және тағамдық қоспалардан тұрады.

Пектин адсорбциялау (сіңіргіш) қызметін атқарады. Осы заттың арқасында ішектің жиырылуы белсенді түрде реттеліп, токсиндер мен зиянды микроорганизмдер жойылады.

Хош иістендіргіштер мен бояғыштар ретіндегі тағамдық қоспалар мармеладқа әдемі көрініс береді. Кондитерлік өнімдерде қолданылатын көптеген қоспалар түрлі ішек ауруларына және қатерлі ісік ауруының дамуына әкелетіні белгілі.

Қауіпсіздік бәрінен жоғары

Жаннаның айтуынша, кейбір тәттілерді таңдағанда өнімнің затбелгісіне ерекше мән беру керек. Әсіресе, карамель өндірісінде қандай бояғыштар қолданылатынына.

Дұрыс емес тұрмыстық және нашар бақыланатын жағдайларда өндірілген кондитерлік өнім төмен температурада қыздырғанда жоғары концентрацияда акриламид пен оксиметилфурфурол туындыларын түзуі мүмкін.

Бұл нені білдіреді?!

Бұл туындылар цитотоксикалық, гепатотоксикалық, канцерогендік және қабыну әсерлерін тудыруы мүмкіндігін алға тартады диетологтар интернет-ресурстарда. Метилимидазол құрамында ақуыз бен басқа да азоты бар органикалық қосылыстар болса, мұның бәрі карамельде жиналуы мүмкін.

"Таңбаламаны бұзу – жай ғана ресми қателік емес, бұл тұтынушылардың денсаулығына немқұрайлылықпен қарау. Қауіпсіздік стандарттарын сақтамаудың ауыр зардаптары болуы мүмкін. Кәсіпкерлердің барлық заң талаптарын сақтауы, ал бақылау органдары нормалардың орындалуын бақылауда ұстағаны өте маңызды. Тұтынушылар хабардар, ал, кәсіпкерлер – сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық нормалар мен ережелерді сақтауы тиіс", – дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы Жанна Биятан.

Бұл кеңес беру сипатындағы ақпарат жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.

Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: