Бүгінгі күннің бич-пакеті: танымал кеспе брендтері қандай қауіптерді жасырады
Бірақ, сенуге тұрарлық па, әлде Қазақстандағы кеспе өндірушілерді әлі де тексеру қажет пе?
Бағасының арзандығының арқасында бұл сығымдалған макарон текшесі барлық дүкендер мен супермаркеттердің сөрелеріне шықты. 90-жылдары бұл өнімнің арзан болғаны сонша, тіпті, өзін ең төменгі табысы бар адамдар тобының қатарында санайтындар да сатып ала алатын. "Бич пакеті" атауы осы жерден шықса керек.
Кептірілген немесе майға қуырылған макарон өнімдері қайнаған суға бұқтырылуға арналған. Сөйтіп көзді-ашып жұмғанша, бір-екі минуттан кейін-ақ сіздің алдыңызда тез-ақ дайындалған түскі ас тұрады.
Жапонияда Nissin Foods компаниясынан Момофуку Андо алғаш рет 1958 жылы Chikin Ramen брендімен тез дайындалатын кеспелерді ұсынды. 1971 жылы Nissin компаниясы Cup Noodles шыныаяқ кеспесін ойлап тапты.
Бүгінгі күні бұл өнім кең танымалдыққа ие болды және бүкіл әлемде әртүрлі брендтер мен тұздықтармен шығарылады.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық ұйымының сарапшысы Жанна Биятан тез дайындалатын кеспе әуесқойларын қандай қауіп күтіп тұрғанын айтады.
"Дәмдеуіштер мен зиянды натрий тұздарының қоспасы оның құрамында ерекше қауіп тудыруы мүмкін. Ал бізге, сарапшылар үшін қаптамасы мен таңбаламасы маңызды рөл атқарады. Мысалы, зерттеу үшін аты жоқ тез дайындалатын кеспе үлгісі алынды. Қаптаманың өзінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат болмаған. Бұл заңбұзушылықты Ұлытау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы өз хаттамасында бірден атап өтті. Сонымен қатар, партия нөмірі мен шығарылған күні де көрсетілмеген. Мұндай кеспе денсаулыққа қауіпті деп ойламайсыз ба?!"
Жаннаның айтуынша, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарынқорғау туралы" заңда барлық ақпарат орыс тілінде де, мемлекеттік тілде де жазылуы тиіс.
Кеспені құллаққа ілді
Тағы да тез дайындалатын кеспе "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық ұйымының назарына ілікті.
Бұл жартылай фабрикат тез әрі арзан қарын тойдыруды қалайтындар үшін ерекше тағамға айналды. Мәселенің егжей-тегжейін қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятан айтып береді.
"Hot Chiken Flavor Ramen" кеспесі "құпия сатып алушы" әдісімен сатылып алынды, оның сынамасын Ұлытау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығына тапсырдық. Зерттеу нәтижелері, қарапайым тілмен айтқанда, көңіл көншітпейді".
Қоғамдық сарапшы атап өткендей, мәселенің бәрі макарон өнісмінің өзіне қатысты. Ал, дәлірек айтсақ, өнімнің таңбаламасына қатысты.
Сурет: Жанна Биятан
"Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес барлық ақпарат мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де көрсетілуі тиіс. Өкінішке орай, біз бұл талапты бұл өнімнен көре алмадық. Оның үстіне партия нөмірі де көрсетілмеген".Жанна Биятан
Бұл және басқа да бұзушылықтар кейбір макарон өндірушілеріне тән болып келеді. Өзіңізді және отбасыңызды қатерлі және ЕАЭО нормаларына сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау үшін сарапшы:
- тамақ өнімінің атауы; тамақ өнімдерінің құрамы;
- тамақ өнімдерінің саны;
- тамақ өнімдерін өндіру күні;
- тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;
- өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау шарттары. Қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өнімді бұзылудан қорғайтын тамақ өнімдері үшін қаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетілуі тиіс;
- тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты және орналасқан жері;
- ұсынымдар мен пайдалануға қатысты шектеулер;
- өнімдердің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
- тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымына арналған бірыңғай белгісінің барына назар аударуға кеңес береді.
Ақпараттар орыс тіліндежәне мемлекеттік тілде болуы керек
Оқырмандарға арналған анықтама:
Макарон – бидай ұны мен суды араластырып, иленген қамырдан кептіріліп жасалған түрлі пішіндегі тағамдық өнім. Әдетте, макарон және кеспе өнеркәсіптік жолмен өндіріледі. Күнделікті өмірде макарон өнімдерін көбінесе макарон деп қана қысқартып айтады (ескерту: жалпыхалықтық макарон өнімдерінің жеке түрін белгілеуге қызмет етеді).
Бірқатар елдер макарон өнімдерінің тағамдық құндылығын белгілеген. Мысалы, 100 г пісірілмеген өнімде 10,4-тен 11,8 г-ға дейін ақуыз (майбұршақта – 14,3 г), 1,1-ден 1,8 г май (сүтте – 2,9 г), 64,5-тен 71,5 г дейін көмірсулар болуы керек. Энергетикалық құндылығы – 327-ден 344 ккал-ға дейін.
Жаннаның айтуынша, Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңда барлық ақпарат орыс тілінде де, мемлекеттік тілде де жазылуы тиіс.
Көптеген адамдар тез дайындалатын кеспелерді бірінші кезекте олардың ащы дәмі мен оңай дайындалуы үшін бағалайды. Сарапшы атап өткендей, натрий тұздарының, консерванттар мен басқа да химиялық заттардың артық болуы бұл өнімді зиянды фастфудтармен қатар қояды. Күн сайын дайын кеспе жеу иммунитетті төмендетеді, қан қысымын арттырады, кейде, тіпті, жүрек пен асқазан-ішек ауруларының өршуіне әкеледі.
"Сонымен, кеспенің құрамында зиянды хош иістендіргіштер мен консерванттар бар. Дәмін жақсарту және өнімнің сақтау мерзімін ұзарту үшін кеспеге үшінші реттік бутилгидрохинон (TBHQ) және бутилденген гидроксианизол (BHA) қосылады. Ұзақ байланыста болғанда бұл заттар ағзаға зиянды саналады". Жанна Биятан
Сарапшы кеңесі. Егер сіз тез дайындалатын кеспеге құмар болсаңыз, көкөністер мен пісірілген жұмыртқаны қосымша пайдаланыңыз. Сіз дәмдеуіштерден бас тартқаныңыз немесе кеспе мөлшерін азайтқаныңыз жөн. Сарапшы азық-түлік өнімдеріне қатысты түрлі даулы және күмәнді жағдайларды болдырмау үшін өнімнің затбелгісіне, сондай-ақ өндірушінің деректеріне назар аударуға кеңес береді.
Бұл кеңес беру сипатындағы ақпрат жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.
Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.