Студенттер көктемгі семестрді аралас форматта оқитын болды
Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді.
Министрліктің хабарлауынша:
Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етілді.
Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.
Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:
Маска режимі қатаң ұстану керек;
Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасы арқылы кіру міндетті;
Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдар оқу корпустарына кіргізілмейді.
Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап етпейді.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81%-дан астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94%-дан астамы екпе алған.