Оқушылар карантин жағдайында қалай оқиды - бас дәрігердің жаңа қаулысы
Құжатта облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мынадай оқу форматын айқындалсын делінген:
мектепке дейінгі ұйымдарда – («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;
жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) – штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда – штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;
мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) – штаттық форматта;
жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.
Сондай-ақ, 6 мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңы бар сауда желілері (азық-түлік) қосымшадағы мәртебесіне қарамастан жұмыс істей алады.
COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, «инфекция жұқтырған» - U07.1 коды мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
«Сары» мәртебесі бар адамдар (немесе жақын байланыста болған адамдар) COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.
COVID-19-ға ПТР-тестілеу теріс нәтижелері бар адамдарда (байланыс күнінен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) «сары» мәртебесі COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады.
Байланыста болған адамдарда COVID-19 белгілері болмаған кезде және ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау бар болған кезде, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарда соңғы 3 ай ішінде «жасыл» мәртебе сақталады.
Алғашқы оң тестілеуді алған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған жағдайда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің алғашқы оң нәтижесін алған күннен бастап 10 күн ішінде сақталады.
Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.