Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның төрт облысында мұғалімдерге жоғары жалақы тағайындалуы мүмкін

Үздік мұғалім, ҚР Білім және ғылым министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 12:26 Сурет: pixabay
ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның алқа мәжілісінде Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына үздік мұғалімдерді тарту бойынша қандай жоспарлар құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі - жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған. ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова

Оның айтуынша, биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Колледждік білімге мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондай-ақ, колледждерге олардың қамқорлығын ұйымдастыру және дуальды оқытуды кеңейту үшін кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда. Шолпан Каринова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: