Риддерде қашықтықтан оқуға мәжбүр болған оқушылар мектепке оралады
Сурет: Zakon.kz
Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабтың мәліметіне сәйкес, 12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты. Осыған байланысты қала оқушылары алдағы дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 қарашада жылу электр орталығындағы жағдай тұрақты.Қазіргі уақытта орталықтағы үш орташа және бір жоғары қысымды қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға жіберілген жылу температурасы 63 градус. Мектептер мен балабақшалардың жұмысы туралы мәселе шешілді. Дүйсенбіден бастап білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риддердегі төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штабқа сілтеме жасап.
Айта кетсек, 2022 жылдың 24 қазанынан бастап Риддерде орталық жылу жүйесі күні кешеге дейін дұрыс жұмыс істемеген. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Соған байланысты қаладағы мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқуға жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript