9 желтоқсанда Астана мектептерінде "сабақ болмайды" деген ақпарат тарады
Фото: zakon.kz
Астанада 9 желтоқсанда ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері онлайн оқиды деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледжердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген жалған хабарламада.
Ал Астананың білім басқармасы бұл хабарламаның жоққа шығарды.
"Бұл жалған ақпарат. Сабақтың қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын таңғы 6-да хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз", - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Астанада 5, 6 және 7 желтоқсанда екі ауысымдағы оқушылар да қашықтан оқыды. Ал 8 желтоқсанда онлайн сабақ тек бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларына болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript