Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мұғалімдерді "массовкаға" және жөндеу жұмыстарына тарту азайған

Мұғалімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 19:01 Сурет: unsplash
Қазақстанда мұғалім құқығын бұзу саны айтарлықтай азайды. 2021 жылы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне "Педагог мәртебесі туралы" заң нормаларының сақталмауы туралы 105 өтініш түссе, биыл 67 өтініш тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұғалімдердің құқығын бұзу фактілері бойынша әкімшілік істер де азайған. Былтыр 56, биыл 25 әкімшілік іс қозғалды. Олардың барлығына тиісті шаралар қабылданды.

2019 жылы қабылданған заң мұғалімдерді міндетіне жатпайтын қызметтерге тартуға тыйым салып, артық есеп беруді талап ету және мұғалімдердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз етті.

"Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері барынша азайды. 2019 жылға дейінгі жағдай мен "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғаннан кейінгі жағдайды салыстыруға келмейді. Мектептер әкімдіктердің қарамағында болғандықтан, мұғалімдер қоғамдық орындарды тазалауға жиі тартылатын, олар бірқатар іс-шарада "массовка" болатын, жөндеу жұмыстарына қатысып, көптеген газетке жазылатын, үй-үйді аралап, басқа да міндетіне жатпайтын жұмысқа тартылатын. Енді мұндай жағдайлар қысқарып, жойылды деуге болады. Барлық лауазымды тұлға бірден жауапқа тартылады. Заң қабылданған алғашқы жылы мыңнан астам рет заң бұзылып, көп басшыны жазалауға тура келсе, қазір бұл көрсеткіш күрт азайды", – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: