Талдықорған лицейінің оқушылары газ бен түтіннің таралуы туралы хабарлама датчигін әзірледі
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Талдықорғандағы №20 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары Ердос Есенталов пен Тимур Ким газ бен түтіннің барлық түрлерінің таралып кетуі туралы хабарламаның IoT-датчигін басқару жүйесін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарына қарағанад, оқушылар "Дарын" РҒПО ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңде жұмысын қорғап, жеңімпаз атанған. Олар енді республикалық кезеңде таныстырады.
"Біз газдың ағуы және өрттің пайда болуы туралы хабарлаудың IoT-датчигін басқаруға арналған жүйені әзірледік. Бұл жүйе ауадағы кез келген газ концентрациясының өзгеруіне жауап береді және газ концентрациясының жоғарылауы жағдайында сигналмен, сондай-ақ ұялы телефонға қауіп туралы хабарламамен хабарлайды. Қолданба көмегімен сонымен қатар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны бақылауға болады. Біздің жұмысымыздың нәтижесін әр үйде қолдануға болады, сондай-ақ біздің сенсорды пайдалану оңай және ол қолжетімді бағада сатылады", - дейді әзірлеушілер.
Айта кету керек, жоба тақырыбын таңдауға және оны одан әрі іске асыруға биыл Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері №20 мамандандырылған лицейде өткізген "Улы газбен улану" профилактикалық дәрістерінің бірі әсер еткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript