Kundelik.kz-ке DDoS-шабуыл жасалды
Cурет: сайттың бас бетінің скрині
"Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі кеше, 31 қаңтарда kundelik.kz-ке DDoS-шабуыл жасалғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін (31 қаңтарда - ред.) сағат 13.15-тен бастап DDoS-шабуылдар тіркелді. Шабуылдардың көлемі секундына 600 мегабитке дейін жетті. Қалыптан тыс сипаттағы трафик сағат 2,5 сағатқа созылып, сағат 16:00-де интернетке кірудің бірыңғай шлюз қондырғысында тойтарылды. Қазір зиянкес трафикті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазылған Мемлекеттік техникалық қызметтің ресми мәліметінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript