Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда балабақшадан шу шықты

Дау-дамай, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 21:40 Сурет: Zakon.kz
Түркістан қаласында "Бөбек" деп аталатын мемлекеттік балабақша қызметкерлері негізгі міндетімізді атқаруды қойдық деп наразылық білдірді. Олар балабақша басшысын меңгерушісі жұмыс уақытында өздерін лауазымды басшылардың үйін жинатуға жіберетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балабақша басшысы мұны, әрине, жоққа шығарды. Ұжымды жергілікті билік өзіме қарсы арандатып отыр, - дейді ол. "Бөбек" балабақшасында қазір маза жоқ. Екі жыл бұрын тағайындалған меңгеруші ғимарат ішін әрлеу, мекемеге келген қонақтармен қоса, басшының үйіндегі меймандарды күту, тіпті үйіне дейін тазалау мойнымызда дейді тәрбиешілер, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Біз салықтың бастығы, сосын еңбек инспекциясының бастығының, Қамбар Асылбеков деген кісінің үйін жинадық. Кірін, әжетханасын, ас үйін тазала дейді. Арасында маған видеоқоңырау шалып, "не істеп жатырсыңдар қыздар, қане көрсет" деп талап етеді. Содан бәрін көрсетеміз кім кімнің не істеп жатқанын. Есеп тапсырамыз, иә. "Дұрыстап тазалаңыздар" дейді. Жинап, тазалайтын заттарды, шүберекке дейін өзіміз сатып аламыз". Тәрбиеші Асылзат Таңатарова

"Соңғы кезде айлықты толық алу да мұңға айналып, асханадағы азық-түлікке дейін меңгерушінің үйіне таситын болдық", - дейді наразы қызметкерлер.

"Ол кездегі қызметкерлердің ақшасы 121 мың теңге болатын. Бірақ 150 мың теңге деп аванс түсіреді, 9 қызметкерге. Оны қайтадан төртеуінен есеп арқылы аударылса, бес адамнан қолма-қол жинап алған. Содан кейін осы хабарды біз 24 қаңтар күні білдік. Сөйтіп ол кісіден сұрадық, "бұл не ақша, қандай ақша" десек, жауап беруден қашты". Әдіскер Ләззат Ерәлиева


"Кешегі келген ет, мысалы, 116 келі ет келетін болса, оның 30 келісі меңгерушінің үйіне жеткізілді. Оны мен апарып берген жоқпын, жеткізуші өзі әкеп берген. Әр балаға 100 грамм еттен болуға тиіс, бізде 30 келі қысқарту керекпін ғой мен. Сол үшін мен 13 келі, кейде 12 келі ет берем. Яғни 100 грамнан тимейді, балдарға 60-50 грамнан тиеді". Аспаз Ардақ Жұмашева

Ал қарамағындағылармен бір жылдан бері текетірес жағдайында жүрген меңгеруші мұның бәрін жала деп отыр. Жұмысты талап етіп жақпай қалғанын айтқан ол, ұжымды жергілікті білім бөліміндегілер қарсы ұйымдастырып отырғанына сенімді.


"Мүмкін жоғары жақтан бұл кісілерге беріліп жатқан тапсырма шығар. Білім бөлімі тарапынан. Арамыз суық деп айта алмаймын. Өйткені бұл кісілер митинг ұйымдастырды, жұмыс уақытында. Сол кезде білім бөлімінің бас маманы сол митингке қатысып, сол кісілердің жанында жүрді. "Бөбек" балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Ұзақ

Ұжымның шағымы бойынша білім бөлімі меңгерушіні екі рет жұмыстан босатқан екен. Бірақ екі ретінде де ақ екенімді дәлелдеп, қызметке қайта келдім, - дейді Гүлбану Ұзақ. Соған қарағанда ұжым мен басшы арасындағы текетірес әзір бітпейтін сыңайлы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: