Бес мектептің оқушыларын екі ай дірдектеп, сабақ оқуға мәжбүр еткен шенділер жазаланды
Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының Жетісай ауданында бес мектептің оқушылары қыс бойы суық класста дірдектеп, сабақ оқуға мәжбүр болған. Себебі қаражат бөлінбегендіктен бұл білім беру нысандары көмірсіз қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында прокуратура білім беру мекемелеріне көмірге қаражат бөлінбегенін анықтады, деп жазады otyrar.kz. Салдарынан мыңдаған оқушы суық класста сабақ оқуға мәжбүр.
Желтоқсан және қаңтар айларында оқушылар уақытша басқа мектептерге ауыстырылыпты. Жылуды қамтамасыз етуге жауапты адамдар жоспар бойынша мектеп газбен жылытылуы керектігін жеткізді. Алайда, құжаттар уақытылы дайындалмағандықтан, оқу орны білім беру маусымы басталғанда газсыз да, көмірсіз де қалған.
"Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, экономистер мен бухгалтерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта барлық кемшіліктер жойылды, бүгінде барлық бес мектеп қатты отынмен толықтай қамтамасыз етілді", - деді Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Рысбек Ерназаров.
Аймақта күннің күрт суытуына байланысты кейбір мектептерде көмір қоры тез таусыла бастаған. Құқық қорғау органдарының араласуынан кейін қосымша қаражат бөлініп, жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript