Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында әлеуметтік және экономикалық нысандар ашылды

Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 21:41 Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл игі шара Тұңғыш Президент күнімен орайластырылып өткізілді.

Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның бірі Іле ауданында орналасқан "Дәулет-Бекет" ЖШС құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыттың ашылуы болды. Зауыт тәулігіне 30 тонна ұнтақ шығара алады. Аталған зауыт өнімдері негізінен экспортқа бағдарланған. Ол Қазақстандағы жалғыз ірі қайта өңдеу кәсіпорнының базасында ашылды. Өнімдер тек отандық нарықты қамтамасыз етпейді, сонымен қатар Ресей, Қытай, Түркия, Германия және Франция елдеріне сатылады.

Ауданда Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 22-ші ауыл әкімдігі "Open space" форматында өз жұмысын бастады.

Түйе сүті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 21:41

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылында ауылдық мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Ғимараттың ауданы 698,5 шаршы метр, залда 200 орындық бар. Сонымен қатар, мерекеге орай Көксу ауданында 16 метрлік тутұғыр орнатылды. Енді ол Алматы–Өскемен трассасындағы жаңа аллеясына көрік беріп тұр.

Тұңғыш Президент күніне орай Алакөл ауданында да жаңа 150 балаға арналған балабақша ашылды. Ауданда мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілу деңгейі 99,6 пайызға жетті.

Талдықорған қаласында жыл сайын дәстүрге айналған облыс әкімінің "Көшбасшы-2021" жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Әртүрлі салада жетістіктерге қол жеткізген жиырма көшбасшы қаржылай сыйлық алды.

Экономика, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2021 21:41

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Талдықорғанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағылшын авторларының екі кітабы орыс және қазақ тіліне аударылған нұсқасы жарияланды. Британдық Томас пен Люси Аткинсонның Қазақстанға саяхаты және Ұлы Дала тарихы зерттеулері мен оқиғалары баяндалған. Іс-шараға онлайн-байланыс режимінде Қазақстанның Ұлыбритания, Солтүстік Ирландия, Біріккен Корольдіктің Төтенше және Өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов қатысты.

Сондай-ақ, Ескелді ауданында мерекеге орай Алматы облысында қатарынан 24 рет Ұлттық спорт түрлерінен "Сонар-2021" республикалық турнирі өтті. Биыл жарысқа республикадан 11 команда қатысты. 80-нен астам бүркітші өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың арасында халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.

Сонымен қатар, өңірде мерекеге орай 30 спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірде ірі инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысандар ашылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: