Тәліптер долларды сатып алуға және сатуға тыйым салды
Сурет: pixabay
Ақша айырбастау пункттерінің жанына жиналғандарды тәліптер күшпен таратты
Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алуға және сатуға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жуырда Ауғанстанның жергілікті валютасы бір доллар 95-тен 114-ке дейін құлдыраған соң тәліптер ақша айырбастау операцияларын бірден тоқтатты.
Бірінші девальвация 7 желтоқсанда басталды. Бір күннің ішінде айырбас бағамындағы бір доллар 93-тен 100 афганиге дейін өсті.
Әлеуметтік желілерде кейбір ақша айырбастау пункттерінің жанына жиналғандарды тәліптер күшпен таратып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript