Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер әзірленді

Агломерация, заң жобасы, Ұлттық экономика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2021 10:47 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – агломерацияларды дамытуды кешенді құқықтық реттеуді қамтамасыз ету және «Агломерацияны дамыту туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру, оның ішінде:

  • агломерацияларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктер жасау;

  • агломерацияларды жоспарлауды, үйлестіруді және қаржыландыруды жақсартуға бағытталған құқықтық және реттеушілік реформаларды жүргізу арқылы агломерацияларды дамыту тиімділігін арттыру;

  • агломерацияларды дамытуға жәрдемдесу мақсатында қала құрылысы/экономикалық интеграция процесі мен әкімшілік шекаралар мен өкілеттіктер арасындағы сәйкессіздікті жою;

  • агломерацияларды дамыту бөлігінде жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсарту.

    Заң жобасы агломерацияларды дамытуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

    Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар төрт агломерацияда ел халқының 36%-ы тұрады. Агломерация орталықтарында елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) шамамен үштен бірі өндіріледі. Агломерациялар үлесіне елге тартылатын шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы тиесілі.

    Заң жобасын әзірлеушілер атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда агломерациялармен байланысты міндеттер, есеп беру тетіктері және басқа институционалдық тетіктер арнайы бөлінбеген.

    Бүгінде жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынасына жол берілмейтіндігі айтылған. Сонымен қатар, агломерация бастамалары үшін қаржыландыру көзі, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астананың және іргелес облыстардың әкімдіктеріне агломерациялар аумағындағы әлеуметтік жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі талап етіледі.

    Мысалы, бүгінгі күні Алматы қаласының қала маңындағы аудандарында жалпы білім беретін (52 мың адам) және мектепке дейінгі (8 мың адам) мекемелерде оқушы орындарының тапшылығы бар. Алматы облысының қала маңындағы аудандарының тұрғындары қаланың әлеуметтік нысандарын пайдаланады, сол арқылы Алматы қаласы әкімдігінің бюджетіне жүктеме артады. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттердің шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты қажетті әлеуметтік нысандардың тапшылығы бар.

    Қоғам болып талқылау үшін Заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: