Энергетика министрі: Қазақстан 2022 жылы Ресейден электр энергиясын сатып алады
Сурет: pixabay
ҚР энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2022 жылы Ресейден 500-ден 1000 МВт-қа дейін электр энергиясын сатып алу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Ресейден электр қуатын сатып алу жоспарлануда. Біз қазірдің өзінде Ресей Федерациясымен тиісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 500-ден 1000 МВт-қа дейін болады деп есептедік. Сатып алу көлемі тәулік уақытына байланысты өзгереді. Бағаға келетін болсақ, баға бойынша келіссөздер әлі жүріп жатыр. Оны жеке компания жүзеге асыратыны анық. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев
Министр алдағы бірнеше жылда импортқа қажеттілік сақталатынын атап өтті.
Біз дайындаған 2035 жылға дейінгі электр энергиясын тұтыну мен өндірудің энергетикалық балансында импортқа деген қажеттіліктің алдағы 3-4 жыл, мүмкін 5 жыл бойы сақталатынын көріп отырмыз. Өйткені, энергетика саласы, айталық, өте инерциялық. Кез келген станцияның құрылысы кем дегенде 4-5 жылды алады. Осыған байланысты 4-5 жыл бойы электр қуатын импорттайтын боламыз. Мағзұм Мырзағалиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript