Қазақстанда жылдық инфляция баяулады
Инфляция құрылымында азық-түліктің қымбаттауы басқа көпшілік топтарда баға әлсіреуі аясында баяулады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция жеңіл автокөлік, бензин және қатты отын қымбаттауы нәтижесінде біраз жеделдеді.Ұлттық банк
Ұлттық банктің мәліметінше, ақылы қызметтер құны электр энергиясы тарифтері мен басқа қызметтердің қымбаттауынан көтерілді.
Желтоқсан айында тұтыну бағасы 0,6% өскен. Бұл – тұтыну бағасы үшін ең төмен нәтиже. Себебі 2015 жылы желтоқсанда аталған көрсеткіш 8,4%-ға дейін баяулаған.
Сонымен бірге желтоқсанда азық-түлік инфляциясы 9,9%-ға (қарашада 10,9%) баяулауын жалғастырды. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының көбінің бағасы баяулады (май, жұмыртқа, көкөніс, қант және сүт өнімдері).
Оның ішінде нан өнімдері мен жарма бағасының өсуі аздап жеделдеді. Ет, алкогольсіз сусын, балық және теңіз өнімдері бағасының өсу қарқыны бұрынғы деңгейде қалды.Ұлттық банк
Желтоқсанда азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5%-ға (қарашада 8,3%) дейін жеделдеді.
Өндірушілер шығынының артуы салдарынан жанар-жағармай материалдарының, атап айтқанда бензин мен қатты отын бағасының қымбаттауы жалғасты. Сонымен бірге өндірістегі құрамдас бөліктердің тапшылығы аясында автокөлік бағасының өсуі байқалады.
Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі желтоқсанда 6,5%-ға (қарашада 6,4%) дейін жеделдеді.
Коммунал қызметтер тарифінің үдемелі өсуіне негізгі фактор – электр энергиясының қымбаттай беруі. Сонымен қатар ақылы қызмет көрсетуді жеделдетуге әуе жолаушылар көлігі қызметтері мен қалааралық автобустарда жол жүру құнының өсуіне байланысты көлік қызметтерінің қымбаттауы да үлес қосты.Ұлттық банк
Сонымен қатар жоғары сұраныс болып тұрғанда тұрғын үйді жалдау ақысы қымбаттай түсті.
Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі ішкі нарықта өтетін тауарлардың қымбаттауы 18,4%-ға (қарашада – 19,3%) баяулады. Азық-түлік өндіруші кәсіпорындардың бағасы май өндірушілер бағасының төмендеуіне байланысты аздап бәсеңдеді.
Дегенмен ет, сүт, ұн және жарма сияқты тауарлар дәнді дақылдар өнімінің аз болуынан, жанар-жағар май, мал азығы дақылдары бағасының салдарынан қымбаттады.
Мұнай өңдеу өнімдерінің ішінде бензин мен дизель отынын өндірушілердің бағасы жеделдеді.
Ауыл шаруашылығында өндірушілердің бағасы 17,3%-ға дейін аздап бәсеңдеді (қарашада – 17,5%). Өсімдік шаруашылығында бидай, арпа, жүгері, сонымен қатар мал азығы дақылдары қымбаттап, өсуі жеделдеді.
Мал шаруашылығында жұмыртқа мен малдың қымбаттауы баяулады.