«Түркістан – Шымкент – Ташкент» теміржол магистралін салу жоспарланып отыр
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы елімізде монополияларға және нарыққа кіру кезіндегі жасанды кедергілерге қарсы басталған күрес инвесторлардың ел экономикасын әртараптандыруға қатысуына мүмкіндік беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазіргі уақытта тартылған тікелей шетелдік инвестицияның шамамен 35 пайызы тау-кен саласына тиесілі. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені, туризм, өңдеу және көлік өнеркәсібі сияқты бәсекеге қабілетті салалардың әлеуетін іске асыруда айтарлықтай мүмкіндіктерді жіберіп алып жатырмыз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың ауқымды тұтыну нарықтарының басымдығы анық көрінеді. Осы салаларды дамытуға белсенді атсалысуға шақырамын. Мемлекет басшысы
Осы орайда Президент өзінің жуырда Қытайға және Ресей Федерациясына жасаған сапарына тоқталды.
Аталған мемлекеттердің басшыларымен өте табысты келіссөздер жүргізілді. Олардың бәрі негізінен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Келісімдердің перспективасы зор екенін тағы да қайталап айтамын. Президент
Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвесторлардың назарын еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетіне аударып, Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлық транзиттік тасымалдың 83 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін атап өтті.
«Достық – Мойынты» аса ауқымды теміржол жобасы жүзеге асырылады. Бұл өткізу әлеуетін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. «Дарбаза – Мақтарал» жаңа теміржол бағыты Орталық Азиядан Ресейге, одан әрі Еуропаға шығатын транзиттік тасымалдың дамуына ықпал етеді. «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript