Германия жылдың соңына дейін ресейлік мұнайдан бас тартуды жоспарлап отыр
Біз Ресей мұнайына деген тәуелділіктен арылу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бір жыл ішінде оған қол жеткіземіз деп үміттенемін. Газға келетін болсақ, алдымен қажетті инфрақұрылымды құру керек, – деп ТАСС Шольцтың сөзін келтіреді.
Ол қажетті инфрақұрылымдарсыз Германия өзіне қажетті көлемдегі газды басқа елдерден импорттау мүмкін емес екендігін баса атап өтті. Енді бұл салаға елеулі инвестициялар бағытталатын болады.
Канцлердің айтуынша, Үкімет Ресей Федерациясынан газға тәуелділікті азайту үшін "қолдан келгеннің бәрін жасайды".
Айта кетелік, Германия парламентінің жоғарғы палатасы елдің жер асты қоймаларындағы газ қорының міндетті деңгейі туралы заң қабылдады.
Заң 1 мамырда күшіне енеді.