Қазақстан нөлдік мөлшерлемемен қант импорты квотасын арттыруға қол жеткізді
Қазақстан 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін нөлдік импорттық кеден бажымен жалпы 350 мың тоннаға дейін ақ қант пен құрақ шикізатын импорттай алады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында Қазақстанның бажсыз импортқа қатысты квотаны тағы 100 мың тоннаға ұлғайту туралы ұсынысы мақұлданды.
Негізгі импорттаушы елдер - Ресей мен Беларусьта экспорттың шектелуі Қазақстанды жаңа тасымалдаушыларды іздестіруге итермелейді. Біз ЕЭК-ке импорттық кеден бажы нөлдік мөлшерлемесі бойынша қантқа арналған квотаны ұлғайтуды сұрап, жүгіндік. Бақыт Сұлтанов
Қант әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары санатына жатады, сонымен қатар бірқатар басқа өнімдердің бағасына да әсер етеді.
Осыған байланысты тапшылықтың орын алу ықтималдылығына жол бермес үшін, сонымен қатар кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусындарды өндіруші – тамақ өнеркәсібінің жекелеген секторларын қоса алғанда, қазақстандық тұтынушылар үшін қанттың бағасын тұрақтандыру мен төмендетуді қамтамасыз ету сынды алдымызда міндет тұр.