Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМГ басшысы Президент тапсырмасы бойынша жиын өткізді

Жиын, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2022 10:56 Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 15 шілдеде мұнай өңдеу зауыттар  (МӨЗ) жұмысының жоспардан тыс тоқтауы мен ондағы оқыс оқиғаларды алдын алу жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания төрағасы, ҚМГ мұнай өңдеу блогының және отандық МӨЗ басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелерін талқылады.

Мырзағалиев ел Президенті МӨЗ қызметін бірнеше мәрте сынға алғанын атап айтты. Шілденің 14-і күні Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӨЗ-дердегі жоспардан тыс тоқтауы салдарынан жекелеген кезеңдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мәселесіне тоқталды.

Зауыттар менеджменті өндіріс процесінің күрделілігіне және кез келген өндірісте сияқты штаттан тыс жағдайдардың сақталып отырған қауіпіне қарамастан, оқыс оқиғалар үшін қашанда жауапты болады. Мұнай өңдеу зауыттарының басшылары бұл мәселені үнемі қатаң бақылауда ұстап, қандай да бір қауіп-қатер кезінде шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауға тиіс. Мағзұм Мырзағалиев

Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының басшылары оқыс оқиғаларды алдын алу және жабдықтың беріктігін арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берді.

Президент тапсырмасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2022 10:56

Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Сонымен қатар зауыттар менеджменті ҚМГ басшылығына 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірісте болған оқыс оқиғалар мен тоқтап қалулардың талдауын ұсынды.

Олардың берген мәліметі бойынша, 2020-2021 жылдары барлық үш МӨЗ-де  тоқтап қалудың 401 фактісі тіркелген: АМӨЗ-де 341, оның 60-ы оқыс оқиға, ПМХЗ – 13, оның 10 оқыс оқиға, ПҚОП-та – 47, оның 11-і оқыс оқиға. Талдауда МӨЗ-дердің жоспарлы тоқтап қалулары есепке алынбады. 

Жиын соңында мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын арттыру үшін шараларды күшейту бойынша шешімдер қабылданды және ұсыныстар енгізілді. Бұдан бөлек, МӨЗ-дер үшін сатып алу ережелерін жетілдіруді жалғастыру, сондай-ақ қоймада қосалқы бөлшектер мен шығын материалдар қорының кепілдікті резервін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

Оқыс оқиға дегеніміз кәсіпорын жұмысының ішкі себептеріне байланысты болған штаттан тыс оқиға. Ол өндіріс жоспарының орташа айлық орындалуына кері әсер етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: