Қырымбек Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ-тың тәуелсіз директоры болып тағайындалды
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасының шешімімен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев "Ембімұнайгаз" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры болып сайланды", делінген хабарламада.
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысының Қазалы ауылында дүниеге келген.
1978 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді.
1996 жылы ҚР Президентінің баспасөз қызметін басқарды.
1997-1999 жылдары - ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі. 2000 жылдан 2003 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2006 жылдан 2011 жылға дейін - Маңғыстау облысының әкімі. 2012-2013 жылдары - Қызылорда облысының әкімі.
2019 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымында болды.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болды.