Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан бастамасы бойынша ЕЭК Кеңесі балалар ойыншықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді

Еуразиялық экономикалық одақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 21:20 Сурет: pixabay
25 қаңтарда Мәскеуде Еуразиялық одаққа қатысушы елдер балалардың психикалық дамуына жағымсыз әсер етуі ықтимал ойыншықтарға қойылатын талаптарды әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік" талаптарын енгізу ұсынысы қазіргі нарықта қорқынышты, күш көрсету белгілері бар, гибридті және т. б. ойыншықтардың жиі кездесуімен байланысты жасалып отыр. Кейбір психологтардың пікірінше, мұндай "қорқынышты" ойыншықтар зорлық-зомбылық пен агрессиямен байланысты ойын сюжетін тудырады, делінген Сауда және интеграция министрлігі хабарламасында.

Ойыншықтарға арналған қолданыстағы техникалық регламентте тек материалдарға, токсикологиялық-гигиеналық және микробиологиялық көрсеткіштерге, физикалық және механикалық, химиялық және электрлік қасиеттерге, радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар ғана белгіленген. Осылайша, нарықтан "қорқынышты" ойыншықтарды алып тастау мүмкін емес.

Отырыста айтылған қазақстандық тараптың пікірінше, бұл мәселені қарастыру үшін ойыншықтың балаға кері әсерін анықтайтын өлшемдерді белгілейтін стандарттар қажет.

"Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастырудың маңыздылығы күмән тудырмайды. Қазақстан 2015 жылы ойыншықтарға психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу үшін техникалық регламентке өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Ол кезде мұндай ойыншықтардың баланың психикасына жағымсыз әсер ету критерийлерін айқындау стандартының болмауына, ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігіне байланысты құжат қолдау таппады", — деді ЕЭК Кеңесінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бүгінде нарық түрлі ойыншықтар бар. Сондықтан ойыншықтардың баланың психикасына кері әсер ету критерийлерін айқындау стандартын әзірлеу және Еуразиялық Одақ елдері деңгейінде тиісті тәртіпте пысықтау үшін қолданыстағы техникалық регламенттерді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: