Атырау облысының экс-әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа лауазымға тағайындалды
Бұл туралы kmge.kz сайты хабарлады.
Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын "Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау" мамандығын тәмамдаған (1983 жылы);
- Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскерлік әкімшілік магистрі (2016 жылы).
Еңбек өтілі:
Еңбек қызметін 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.
1991 жылы "Мақатмұнай" мұнай-газ басқармасының бас геологы болды, ал 1991-1996 жылдар аралығында "Мұнай" кеңес-америкалық бірлескен кәсіпорнының жетекші геологы, Атырау мұнай акционерлік компаниясының (АНАКО) бас геологы, Қырықмылтық өнеркәсібінің директоры болып қызмет етті.
2002 жылы "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясының Шикізат базасын дамыту және жер қойнауын қорғау департаментінің директоры болып тағайындалды.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың сәуір айына дейін Атырау облысының әкімі қызметін атқарды.
Ол бұл лауазымда Нұрлан Ноғаевтың орнын басты, 2022 жылдың 7 сәуірінде қызметінен босатылды. Осы уақыт аралығында оның екі орынбасары - Нұрлан Таубаев пен Бақытгүл Хаменова тергеуге алынып, ақырында сотталды.