Атырау мұнай өңдеу зауытында түтіндеу болды
Сурет: "АтырауМӨЗ" ЖШС баспасөз қызметі
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі технологиялық режимнің бұзылуына байланысты түтіндеу орын алғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атырау МӨЗ" ЖШС мәліметінше, атап айтқанда жанармай газына сұйықтықтың түсуі салдарынан баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимінің бұзылу фактісі тіркелді.
"Сағат 10:32-де қысқа мерзімді түтіндеу орын алып, 10:47-де түтін толықтай сөндірілді. Аталған оқиғамен қатар сағат 10:40 және 11:10-да АО "KEGOK" тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуіне байланысты ароматты көмірсутектерді өндіру және гидрогенизациялық процестер өндірісі технологиялық қондырғыларындағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылды". "Атырау МӨЗ" ЖШС
Зауыт басшылығы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
3 сәуірде Атырауды түтін басты. Бұған Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың өртенуі себеп болды. Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы өрт алаңы 89 гектарды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript