Жаңалықтар тізбегі
0

"Бұл құбыр - жекеменшіктікі". ҚР СІМ басшысы орынбасарының шетелдік БАҚ-қа берген сұқбаты

БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 21:19 Сурет: akorda.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Deutsche Welle басылымына сұқбат беріп, Батысты алаңдатқан сауалдарға жауап берді. Басты сауал Германияға жеткізілген отандық мұнай тасымалына, Қазақстанның геосаясаттағы нақты ұстанымына қатысты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік тілші, алдымен қазір Германия Қазақстанның газы мен мұнайына аса мұқтаж екенін, біздің елдің сұранысты қаншалықты деңгейде қанағаттандыра алатындығын сұрады.

"Қазақстанда жылына 90 миллион тоннаға жуық мұнай өндіріледі, оның 90%-ы экспортқа бағытталады. Онда да оның 97%-ы Еуропаға Ресей Федерациясының территориясында орналасқан Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы айдалады. Қазақстан мұнай өндірісі тұрғысынан өз мүмкіндіктерін толықтай игеруде деп айтуға келмес. Жақында ғана біз Германияға "Достық" құбыры арқылы мұнай жөнелте бастадық. Ол үшін Ресей Федерациясымен және Германиямен келісімдер жасау қажет болды. Бұл мұнай Швед қаласындағы МӨЗ-ге жіберіледі. Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайтуға арналған ресурстар бар. Транспорт жүйесінің әлеуетін арттыру үшін инвестициялар мен бірнеше жыл қажет болады. Біз және біздің шетелдік серіктестеріміз осы бағытта жұмыс істеп жатыр". Роман Василенко


Келесі сұрақ: "Жаңа Сіз Каспий құбыр консорциумы мен "Достық" құбыры туралы айттыңыз. Біреуі Ресей Федерациясының территориясын басып өтеді, екіншісі - Ресейге тиесілі. Қазақ мұнайын ЕО-ға тасымалы жағынан Мәскеуде ықпал ету тетіктері бар ма?" деген сипатта болды.

"Бұл құбыр (КТК - ред.) - жекеменшіктікі. Онда қазақстандық және ресейлік үкіметтердің үлесі бары рас, бірақ қожайындарының басым көпшілігі - мұнайды қайда, қалай айдау керектігін анықтайтын жеке еуропалық және америкалық мұнай компаниялары. Олар үшін бұл құбыр желісі өте тиімді, өйткені маршрут тікесінен тартады, яғни құбырдан танкерге немесе керісінше тасымалдауды қажет етпейді. Бізді әртараптандырылған тасымал көздері мен мұнай тасымалы маршруттары қызықтырады, сондықтан біз үшін бұл маршрутты сақтау маңызды. Мұны Ресей де және осы құбыр арқылы мұнай тасымалына санкция енгізбей отырған Батыс елдері де жақсы түсінеді. Бірақ біз таңдау мүмкіндігін арттыру үшін болашақта балама маршруттарды дамытуға мүдделіміз". Роман Василенко


"Қазақстан Украинадағы жағдайға қатысты өз ұстанымын нақты білдіргендерін айтады. Бірақ біз Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын немесе әскери қылмыстарды нақты айыптағандарыңызды естіген емеспіз. Неге бұлай" - тілші сауалы.

"Қазақстан өз ұстанымын нақты айқындап берген. Ол БҰҰ Жарғысы негізінде барлық мемлекеттің, соның ішінде Украинаның территориялық тұтастығын құрметтеу қажеттігі тұрғысынан сипатталады. Қазақстанның 20 миллион халқының 3,5 миллионы - орыс, 250 мыңы - этникалық украин. Сондықтан бізге бұл - өте жақын қақтығыс, трагедиялық соғыс. Сондықтан Қазақстан қантөгісті тоқтатуға және жанжалды реттеуге өз үлесін қосуға бар күшін салып, көмектесуге ұмтылады. Біздің Президентіміз, егер Ресей мен Украина тарапынан сұраныс болса, Қазақстанның делдал, яғни арағайын болуға дайын екендігі туралы бірнеше рет айтқан болатын". Роман Василенко
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: