Қазақстанның Ирандағы арнайы сауда өкілі тағайындалады
Сурет: primeminister.kz
Тегеранда өткен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің кездесуінде Қазақстанның Ирандағы арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл сауда бағытындағы жұмысты күшейтеді.
Биыл Тегеранда ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек.
Әлихан Смайылов қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Биылғы жыл екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижелерімен ерекшеленетініне сенімдімін", — деді премьер-министр.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript