Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында диқаншылар шырылдап кетті: Демпингтік бағамен бізді "өлтіріп" жатыр

Демпингтік баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 22:53 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысында Сарыағаш ауданының диқаншылары қоймаларындағы тонналаған қызанақ пен қиярды өткізе алмай әлек, өйткені сұраныс жоқ. Себебі, базарда сырттан келген арзан көкөніс көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana.tv мәліметінше, шаруалар жергілікті дақыл бағасын төмендете алмайды, әйтсе ол шыққан шығынды ақтамайды. Биыл онсыз да шығынға шаш етектен батыпты. 

Акип Ақбердиевтің жылыжайында қияр тау болып үйіліп жатыр. Алатын адам жоқ. 4 гектар аумақта әлі пісіп жатқаны қаншама... Күніне 30-40 адамды жалдап тергізеді. Оның әрқайсысына 7 мың теңгеден төлейді. Ал өнімнің құны бұл шығынды да ақтамайтын көрінеді.

"Қазір алатын адамдар 70-80 теңгеден сұрап жатыр. Өйтсем, мына 30-40 адамның ақшасын қалай төлеймін. Бәрі 150 млн теңге, 4 гектар жылыжайдың шығыны бар. Қазір көмірші де ақшасын сұрап жатыр, дәріші де ақша сұрап жатыр. Шаруа Акип Ақбердиев

Шаруалар онсыз да қыстан қысылып шыққан. Көмір шығынына шаш етектен батқандарды енді базардағы бәсекелестік қыспаққа алып отыр.

"Түркіменстаннан, Қытайдан келгендер бізді демпингтік бағамен бүгінгі таңда "өлтіріп" жатыр. Өйткені біз апарып 500-ден сатсақ, олар 400-ден сатады. 400-ден сатсақ, 300-ден, ақырында енді 200-ден қойып қойды. Бізді шығынға ұшыратып, келесі жылы бізді екпейтіндей етейін деп тұр". Шаруа Данияр Қалтаев


"Менің қызанағымның бір келісінің құны өзіндік құнын, барлық шығынды қосқанда 600 теңге болады. Мысалы, қазір қызанақтың 1 келісі 350-300 теңге болып жатыр. Субсидия деді, субсидия бермеді. 2,5 процентке ақша береміз деді, оны да бермеді. Енді құлқым жоқ. Жылыжайды да, үйді де сатамын деп жазып қойдым. Себебі қарыздарымды өтеп үлгере алмай жатырмын". Шаруа Міржаппар Агаев


"Біз тығырыққа тірелдік. 80 пайызымыз банкроттамыз! Әлі білмей тұрмыз. Ертең 100 теңгеге түсетін болса, 100 пайыз банкротқа кіріп кетеміз". Шаруа Нұрсұлтан Қуанышбаев

Сарыағаштық шаруалардың мәселесін жергілікті билік жақсы білетін болып шықты. Бірақ бағаны нарық билейді деуден басқа лажы жоқ.

"Баға - сұраныс пен ұсыныстың арқасында туындайтын мәселе. Мысалы баға бір күні түсуі мүмкін, келесі күні немесе арада 2-4 күн өткеннен кейін қайтадан көтеріледі. Шаруалардың айтқанын мен негізсіз демеймін. Баға түсіп кеткеннен кейін ол кісілердің "шығындарын өтей алмай қаламыз ба" деген қауіптері бар. Дегенмен де мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, субсидиялау бойынша ол жұмыстар жүргізіліп жатыр". Сарыағаш аудандық Ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Әлайдар Әмірханов

Диқандар Үкіметтен қолдау күтеді. Жылыжай шаруашылығына соңғы бес жылда субсидия берілмеген. Егер мәселе шешілсе, жылына екі рет өнім жинап, ел қажеттілігін өтеуге мүмкіндік бар. Ал бір ғана Сарыағаш ауданында 600 гектар жылыжай жұмыс істеп тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: