Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауға 2024 жылы дайын болады

Алмасадам Сәтқалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 19:14 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
2 маусымда Мәжілістегі газ саласының ахуалы бойынша өткен отырыста Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылдың күз-қыс айларында қазақстандық инфрақұрылым ресейлік газды Өзбекстанға айдауға дайын болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиев Өзбекстан мен "Газпром" арасындағы газдың көлемі мен бағасына қатысты келіссөздер әлі де жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазақстандық тарап транзитті қамтамасыз етуге ниетті екенін білдіріп қойған.

"Осы келіссөздер аяқталғаннан кейін біз инфрақұрылымымызды ұсынуға дайынбыз. Сонымен қатар, біз келесі жылдың күз-қыс айларында бұл инфрақұрылым сақадай-сай дайын болады деп айта аламыз. Аталған бағыттағы транзитке және транзиттен түсетін қаражатқа, жалпы Орталық Азия өңірін энергиямен қамсыздандыру тұрақтылығын арттыруға мүдделіміз". Алмасадам Сәтқалиев

16 мамырда Үкімет дәлізінде берген сұқбатында Алмасадам Сәтқалиев ресейлік газды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мүмкіндігі бойынша келіссөздер оң сипатта жүріп жатқанын айтқан болатын.

Бірақ Энергетика министрі "Ресей, Өзбекстан және Қазақстан арасында үшжақты газ одағы құрыла ма" деген сұрақты жауапсыз қалдырды, бірақ қазіргі уақытта Ресей газының Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзиттеу мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: