Сәтқалиев Павлодар мен ШҚО-ны газдандыру туралы: Арзан газ болмайды
Сурет: pxhere
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыру жайына тоқтала келе, бұл ретте тек ресейлік газға сенім артуға тура келетінін, онда да оның арзан болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 маусымда Мәжілістегі газ саласының ахуалы жөніндегі отырыста Алмасадам Сәтқалиев Павлодар мен Шығыс Қазақстанға бағытталатын Ресей газының "бағасы бойынша күрделі келіссөздер жүріп жатқанын" атап өтті.
"Әдетте газдандыру қолда бар ресурстарға қарағанда бизнесті дамытудың қосымша мүмкіндігі ретінде қарасатырылады. Арзан газ болмайтынын нақты түсінуіміз керек. Әлемдегі арзан энергетикалық ресурстардың кезеңі аяқталды. Еуропадағы бағаларды, инвестициялардың қажеттілігін қараңыз, басты инфрақұрылымның тозғанын, жаңа өнжірістерді іске қосу қажеттілігін есепке алыңыз". Алмасадам Сәтқалиев
Егер осы өңірлерді газдандыру үшін өз ресурстарымызды пайдаланамыз десек, министрдің айтуынша, бұл газ өңдеу қуаты артқанда, яғни 2027-2028 жылдары ғана мүмкін болады.
"Ал одан бұрын - тек Ресейден. Коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін, халық үшін, өнеркәсіп үшін жеке газдандыру жоспарларын есептеу керек, әрине, ондайда газ бағасын ішкі бағамен емес, сол уақытқа дейін қалыптасатын бағамен есептеу керек". Алмасадам Сәтқалиев
Отырыс барысында ол 2024 жылдың күз-қыс айларында қазақстандық инфрақұрылым Ресей газын Өзбекстанға айдауға дайын болатынын мәлімдеген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript