ЕЭК өнеркәсіп саласындағы интеграциялық жобаларды Одақ бюджетінен қаржыландыратын болады
Бұл туралы ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян Беларусь Сауда-Өнеркәсіп палатасының, Беларусьтің мүдделі кәсіпорындарының мүшелерімен және мемлекеттік органдарымен болған кездесуде мәлімдеді.
"Келесі жылдан бастап біз банктерге берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін субсидиялай аламыз. Бюджет арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін үлестік жарналардан қалыптастырылады және жылына шамамен 20 млн долларды құрайды. Бес жыл ішінде бұл жалпы құны 1 млрд долларға дейінгі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді", - деді Артак Камалян.
ЕЭК министрінің айтуынша, жаңа тетікті іске қосу үшін қазір кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсету тәртібі туралы ережелер әзірленуде.
Артак Камалян одаққа мүше ел кәсіпкерлерін осы жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.
"Өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесу бағдарламасы біздің елдеріміздің одан әрі технологиялық дамуына ықпал етеді, шағын және орта кәсіпорындардың жаңа технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұтастай Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді ынталандыратын болады", - деп атап өтті Артак Камалян.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері тарапынан кездесуде қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу кезінде преференциялар мен жеңілдік шарттары, интеграциялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ форс-мажорлық жағдайлардың туындау ықтималдылығы туралы мәселелер көтірелді.
Беларусь тарапы кооперациялық жобаларды дайындау және қарау кезінде барлық қаржы ұйымдарының қатысуын қарастыруды ұсынды.
ЕЭК министрі бизнестің өзекті мәселелері бойынша түсініктеме берді, алдағы сараптамалық консультациялар шеңберінде ереже жобасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.