Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да кейбір бекеттерде жанар-жағармайдың неге сатылмай жатқаны белгілі болды

Жанар-жағармай тапшылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 19:56 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында кешелі бері жанар-жағармай тапшы екендігі туралы ақпараттар тарап жатыр. Аталған мәселеге қатысты ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазіргі уақытта өңірде жанар-жағармай тапшылығы деген жоқ", деп хабарлайды Altaynews ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап. 

"Дегенмен бүгінде жанар-жағармай барлық станцияға жеткізілді. Отын тапшылығы жоқ. Жалпы, облыс бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді. АИ-92 маркалы бензиннің қоры – 7,8 мың тонна, АИ-95 – 2,0 мың тонна, дизель отыны – 3,7 мың тонна. АИ-92 маркалы бензиннің бағасы – 200-205 теңге, АИ-95 – 224-254 теңге аралығында. Дизель отынының литрі – 295 теңге". ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Бірақ құзырлы мекеме уақытша тапшылық мәселесі болғанын жоққа шығармайды.

"Шығыс Қазақстан облысында АИ-95 бензині тапшы емес. Кейбір бекеттерде бұл жанармайдың уақытша сатылмауы – логистикаға байланысты туындап отырған мәселе. Павлодар және Шымкент мұнай-химия зауыттарында жөндеу жұмыстары басталған кезде жанар-жағармай Атырау мұнай зауытынан жеткізіледі. Елдің батысынан шығысына жанармай жеткізу, шамамен, екі аптаға жуық уақыт алады.​ Жанармай құю станцияларына сұранысқа ие отын түрінің болмай қалуы дәл осы жағдайға байланысты", делінген облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, басқарма өкілдерінің айтуынша, жанармай құю станциясының иелері өнім жеткізудегі шығынның өсуіне байланысты Аи-95 маркалы бензиннің бағасын көтеруі мүмкін.

Өйткені бұл – реттелмейтін отын түрі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: