Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан бизнеске түсетін салмақты азайтуды көздеп отыр

Қазақстан бизнеске түсетін салмақты түбегейлі азайтуды көздеп отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 14:37 Сурет: pexels
Мәжіліс депутаттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта кәсіпкерлерге қатысты маңызды емес талаптарды азайту қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

Заң жобасы елдегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында әзірленген. Онда 82 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекс пен 75 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

"Түзетулер бақылау және қадағалау нысандарын оңтайландыруға, қадағалау салаларындағы жедел әрекет ету шараларын тек заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған", - деді министр.

Үкімет қабылдаған Заңды іске асыру мақсатында кәсіпкерлік саласында "таза парақтан" реттеуді енгізу жөніндегі жұмысты екі бағытта жүргізуде:

  • бірінші, мемлекеттік бақылаудың жаңа жүйесін енгізу;
  • екінші, бизнес үшін маңызды емес талаптарды қысқарту есебінен әкімшілік жүктемені азайту.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау шеңберіңде бизнесті жазалаудан құқық бұзушылықтың алдын алуға көшу көзделген. Заңды іске асыру мақсатында 326 түзетуді қамтитын заң жобасы әзірленді. Түзетулер бақылау мен қадағалау нысандарын ретке келтіруге, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын тек заңнамалық деңгейде регламенттеуге бағытталған.

Қазіргі уақытта жекелеген салалық заңдарда жедел ден қою шараларын қолданудың шарттары мен тәртібі белгіленбеген. "Таза парақтан" реформасы шеңберінде Кәсіпкерлік кодексінің 136-бабында, егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі болмаса, оларды қолдануға тыйым салу белгіленген. Осылайша, заңға тәуелді акт деңгейінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін белгілеуге тыйым салынады.

Осыған байланысты ұсынылып отырған заң жобасында заңдар деңгейінде мынадай 10 салада жедел ден қою шараларын қолдану тетіктері айқындалады, олар:

1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;

2) өсімдіктер карантині;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;

4) сауда мақсатында теңізде жүзу;

5) ішкі су көлігі;

6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану салалары;

7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы;

8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласы;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы;

10) атом энергиясын пайдалану саласы.

Мәжілістің тиісті комитетінің қорытындысында заң жобасында бақылау мен қадағалау нысандарын ретке келтіруге, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын заңнамалық деңгейде регламентеуге бағытталған түзетулер ұсынылғаны айтылған. Атап айтқанда:

  • қадағалаудың 10 саласында жедел ден қою шараларын жүзеге асыруды регламенттеу;
  • бақылаудың 10 саласында мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
  • Кәсіпкерлік кодекстің қолданылу аясынан шығарылған 7 салада бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламенттеу;
  • бақылау мен қадағалаудың 4 саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыру тәртібін регламенттеу;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру тәртібін регламенттеу көзделеді.

Заң жобасы арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу тәсілдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және балық шаруашылығы саласында қолайлы жағдайлар жасау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер ұсынылады. Осы айтылғандарға байланысты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын бірінші оқылымда ҚР парламенті мәжілісі жалпы отырысының қарауына енгізуді ұсынады", - делінген мәжілістің тиісті комитетінің қорытындысында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: