Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов тұрғындардан ҚТЖ қызметіне шағымдар көп келетінін айтып, осы бағытта жұмыс істеуді тапсырды

"Қазақстан темір жолы", темір жолдағы проблемалар, пойыз, ҚР үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 11:38 Сурет: rail-news.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов 21 қарашада өткен үкімет отырысында қазақстандықтар пойыздардың үнемі кешігіп келетініне, сервистің нашарлығына, вагондардың ескіргеніне жиі шағымданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы бүгінгі таңда жылжымалы құрам мен магистральдық желілердің тозу деңгейі шамамен 60%-ға жеткенін атап өтті, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

"Шекарада жүктердің рәсімделуіне қатысты проблемалар бар, бұл транзит, экспорт және импорт көлеміне әсер етеді. Сондықтан, бизнес үшін құжаттарды барынша жылдам қарап, дайындап беретін "бір терезе" жүйесін құру қажет. Барлық қызметтер жеделәрі бір мезетте, яғни синхронды түрде жұмыс істеуі тиіс", – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан ҚТЖ қызметіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде.

"Бұл – пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондарға қатысты. Ал, бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымдануда. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді", – деп атап өтті премьер-министр.

Үкімет басшысы Теміржол саласында машина жасау, рельс өнімдеріне және түрлі жабдықтарға деген сұраныс үнемі жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар отандық өндірушілер бұл сұранысты қанағаттандыра алмай келеді, дегенмен республикада қызметі теміржолмен байланысты көптеген маңызды кәсіпорындар бар.

"Отандық кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын құруына, отандық экономиканың өсуін қамтамасыз етуіне болатын еді", – деді Әлихан Смайылов.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, премьер-министр Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, Шекара қызметі, "Қазақстан темір жолы" және "Самұрық-Қазына" қорына жыл соңына дейін жүктерді рәсімдеуді оңайлату мәселесін пысықтауды тапсырды.

"Қарау мерзімі кем дегенде 2 есе қысқаруы тиіс", – деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар үкімет басшысы жылжымалы құрамды жаңарту және 2029 жылға қарай тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ теміржол саласының қажеттіліктері негізінде отандық өндірісті дамыту жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

"Қазақстан темір жолын" трансформациялау кезінде сервистің сапасын арттыру мен қызметтердің уақытылы көрсетілуін компания жұмысының басымдықтары ретінде айқындауы қажет", – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Сөз соңында премьер-министр көлік саласының техникалық мамандықтары бойынша қосымша гранттар бөлу мүмкіндігін пысықтауды және Көлік және логистиканы дамыту институтын құру мәселесін қарауды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: