Жаңалықтар тізбегі
0

Роман Скляр жылыту маусымында мәселе туындаймайтындығына кепілдік берді

Роман Скляр, жылыту маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 18:06 Сурет: akorda.kz
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр 2023 жылы 12 желтоқсанда Үкіметте өткен брифинг барысында "жылуға қатысты мәселеге тап болған өңірлерде тағы қиындық туындау ықтималдылығы бар ма" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр ЖЭО мен жылу желілерін жөндеуге қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

Сонымен қатар, одан журналистер "өткен демалыс күндері жылыту бойынша мәселе туындаған өңірлерде тұратын ел азаматтарына қыстың соңына дейін жылусыз қалмайтындықтарына кепілдік бере аласыз ба" деп сұрады.

"Мен кепілдік беремін. Екібастұз ЖЭО бойынша да. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары трагедия немесе коммунальдық апат болды деп жазыпты. Ондай ештеңе де болған да жоқ, мен мұны өз жауапкершілігіме ала отырып, мәлімдеймін.Тек екі цехтың біріне су жайылған. Дегенмен, станцияда су қоры болды. Жабдықтар жұмыс істеп тұрды, қазандықтар бірнеше минут ішінде бірден қайта іске қосылды. Тиімді әрекет коэффиценті өткен жылғы жылу маусымымен салыстырғанда өскен. Егер ол 35 гикокалория болса, қазір 100 гикокалорияны көрсетіп тұр. Сондықтан мен бұл туралы сенімді түрде айта аламын", - деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, ол ЖЭО мен желілердің қалтқысыз жұмысы үшін тек өзі әрі энергетика министрі ғана емес, ең алдымен, осы кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары жауапты екенін еске салды.


"Біз бәріміз жауаптымыз, бұл бағытта барынша көңіл бөлудеміз. Нысандарды, жылу желілерін, ЖЭО-ны қайта жаңартуға жұмсаған қаражаттардың барлығы да көрініп тұр. Біз нысандарда болдық, өзім де бардым, Мемлекет басшысы да кейбір нысандарды аралады, жұмыстардың қалай атқарылғанын өз көзімізбен көрдік. Қысқа мерзімде бәрі атқарылды. Сондықтан ағымдағы жылыту маусымындағы энергия көздерінің, жылу желілерінің қалтқысыз жұмысына деген сенімділік бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары", - деп сөзін түйіндеді Скляр.

12 желтоқсанда ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "технологиялық бұзушылықтар" орын алған энергия нысандарындағы ағымдағы жағдай туралы айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: