Жаңалықтар тізбегі
0

Түркия Қазақстанның ет өнімдеріне қойылған 20 жыл бойындағы шектеулерді алып тастады

Ет, шектеу, Қазақстан өнімдері, Түркия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 22:32 Сурет: pixabay
7 маусымнан бастап Қазақстан өнімін Түркия нарығына жеткізуге кедергі бірқатар шектеулер алынып тасталды. Бұл - 2005 жылдан бері қолданыстағы құс тұмауы, сондай-ақ 2016 және 2022 жылдардан бергі қолданыстағы аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың наурыз айында ҚР Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде аталған кедергілер мәселесін көтерген болатын.

"Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылғы жылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанға қатысты осындай шектеулер алынып тасталғанын атап өткім келеді. Осыған байланысты түрік тарапымен де осы мәселені қарауға қайта оралуға болады деп есептейміз", - деді Айдарбек Сапаров сол кезде.

Кедергілерді алып тастау мәселелері Түркия Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер Эбубекирмен екіжақты кездесу барысында да кеңінен талқыланды.

Түпкілікті шешім биыл мамыр айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Бердалиннің Түркияның Ауылшаруашылығы вице-министрі Гюменмен өткізген екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: