Шетелдік ғылыми журналда КВИ-ға қарсы отандық вакцина туралы мақала жарық көрді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Отандық вакцина - NARUVAX-C 19 туралы мақала британдық Nature ғылыми журналында жарық көрді, бұл басылымда вакциналарды зерттеу және дамыту саласындағы ең маңызды ғылыми жетістіктер жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жағымды жаңалықпен вирусолог, профессор Қайсар Табынов Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
Оның айтуынша, жарияланған зерттеулер процесі бес айға созылған.
Бұл арада біз тышқандар мен атжалмандардың модельдері үлгісінде NARUVAX-C19 субъбірлік вакцинасының жоғары иммуногенділігі мен протективті тиімділігін ғана емес, сонымен қатар вирустың вакциналанған ауру жануарлардан вакциналанбаған жануарларға берілуіне тосқауыл қою қабілетін де дәлелдеп көрсете алдық. Қайсар Табынов
Вирусолог қазіргі уақытта зертханалық жануарларға басқа да зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript