Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов: Студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге тиісті министрлер мен өңір әкімдері тікелей жауапты

Қазақстан, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, жатақхана, студент, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 13:40 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға қатысушылар бүгінде студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін талқылады, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпарттық ресурсы.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған – 26, колледж студенттеріне арналған 11 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты.

Бұл ретте, оның ақпараты бойынша, 1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін. Бұл "Астана медицина университеті" КЕАҚ жатақханасын күрделі жөндеу, Алматы қаласында 400 орындық жатақхана салу және 450 орындық екі жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу сынды жобалар.

Министр жатақханалар құрылысы кезінде инвесторлар кездесетін негізгі проблемалар қатарында нысандардың мақсатын өзгерту, заттай гранттар беру және коммуналдық желілерге қосылу м.мкіндігінің шектелуіндегі қиындықтарды атады.

Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмейтін болса, жағдай одан сайын қиындай беретінін атап өтті.

"Көптеген университеттердің басшылары студенттерге тиісті жағдай жасау өздерінің тікелей міндеті екенін іс жүзінде ұмытып кетті деуге болады. Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері университеттер мен колледждердің сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ әкімдіктердің тарапынан да үйлестіру жұмыстары нашар", — деді премьер-министр.

Оның айтуынша, оқуға қабылданған студенттер жатақханада орын жоқ екенін орналасуға келген кезде бір-ақ біледі. Сосын, оқуға дайындалудың орнына олар өз бетінше тұратын баспана іздеуге мәжбүр болады.

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді, сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығының мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Ол үшін ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрлері, облыс әкімдері тікелей жауапты екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: