Мектепте оқытылатын "Көркем еңбек" екі пәнге бөлінеді
Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына өзгертулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, "Көркем еңбек" пәнін "Бейнелеу өнері" және "Еңбекке баулу" деп бөлу көзделіп отыр.
Бастауыш сыныптарда "Көркем еңбек" сағаты жылына 68 сағаттан 34 сағатқа дейін қысқарады. Бұл ретте "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндерінің сағаттары жылына 67 сағаттан 101 сағатқа дейін артады.
Ал "Жаратылыстану" сағатын жылына 203 сағаттан 169 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Өзгерістерді келесі оқу жылында – 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізу көзделген.
Құжат 4 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript