Қазақстанның қай аймақтары білім саласына көп қаржы салады
Finprom.kz-тің мәліметінше, Қазақстанда білім беруді дамытуға қатысты жобалар мен бағдарламаларға сұраныс артып келеді. Себебі елімізде мектеп оқушыларының саны артып келеді.
2023 жылдың басынан бері білім саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 3,5 триллион теңге бөлінді. Бұл салаға ең көп қаражат Алматыда (277,3 млрд теңге) салынған. Астана бюджетінен білім саласына 190,4 млрд теңге инвестиция тартылса, Шымкентте инвестиция 183,8 млрд теңге болды. Облыстардың ішінде Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстары мектептерге бюджет қаражатын жұмсауда көш бастап тұр.
2022/23 оқу жылында ел мектептеріндегі оқушылар саны – 3,7 миллион адам (былтырмен салыстырғанда +3,1%). 2023/24 оқу жылында мектеп оқушыларының саны одан да артып, 3,9 миллион болды.
Қазақстанда 7,7 мыңға жуық мектеп бар. Мегаполистердің ішінде мектептердің ең көп саны Алматыда (333, жылына плюс 5%), одан кейін Шымкентте (251) және Астанада (164). Қазір Қазақстандағы ең көп мектептер Алматыда (333, жылына +5%), Шымкентте (251) және Астанада (164) орналасқан.