Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Үкіметке білім беру саласын дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныс білдірді

Білім беру саласы, ҚР Парламенті мәжілісі, депутаттық сауал, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 12:00 Сурет: Zakon.kz
Үкімет Оқу министрлігімен Сингапур, Гонконг елдерінің білім мазмұнын және білім жүйесін зерделеп, озық тәжірибелерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыру шарт. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің нәтижесі бойынша, Қазақстан оқушылары Греция, Румыния, Біріккен Араб әмірліктері оқушыларымен, оқу сауаттылығынан Малайзия, Сауд Арабиясы оқушыларымен тең білім сапасын көрсеткенін атап өтті.

"Бастысы, пандемияның салдарынан ОЭСР елдерінің басым көпшілігі едәуір білім сапасы бойынша ұпайларын жоғалтса, елімізде алға ілгерілеу бар екендігін, оның ішінде математика 54 орыннан 46 орынға және жаратылыстанудан 69 орыннан 49 орынға көтерілгендігімізді атап өту қажет".

Мұндай жақсы динамикалық көрсеткішті депутат бірінші кезекте президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласындағы кешенді, жүйелі және ауқымды реформаларымен байланыстырып отыр.

"Осы реформалардың, оның ішінде қала және ауыл балаларының білім сапасындағы алшақтықты азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу, білімнің сапасын арттыруға арналған Мемлекет Басшысы реформаларының жүйелі жүзеге асырылуы АМАНАТ партиясының сайлауалды бағдарламасында басты бағыты ретінде айқындалған. Оның сапалы орындалуы нақты міндетіміз".
Жұлдыз Сүлейменова

Депутат ендігі кезекте Үкімет Оқу ағарту министрлігімен әрі қарай осы жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін ескере отырып, бірнеше ұсыныс енгізді:

  1. Қол жеткізген нәтижені сақтап қалуға, және арттыра түсуге арнайы шаралар жоспары қабылданып, барлық педагогикалық қауымдастықпен талқылануы қажет. PISA зерттеулерінің нәтижелерін Оқу-ағарту министрлігі толығымен талдап, сараптама нәтижесінде "қатемен жұмыс" нақты әдістемелік ұсыныстарды әзірлеп, оны педагогтарымыз әрі қарай жұмыстарында пайдалануы өзекті. PISA рейтингісіндегі алдынғы қатарындағы Сингапур, Гонконг елдерінің білім мазмұнын және білім жүйесін зерделеп, озық тәжірибелерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыру шарт.
  2. Оқу сауаттылығы бойынша жалпы Үкімет кітапхана, кітап оқу, оқуға құштар мектеп деген жобаларын кешенді негізде сапалы жүзеге асыруға мән беру қажеттігіне тағы да көңіл аударамыз. Кітапхана жұмысының жаңа мазмұны мен кітапханашылар мәртебесін арттыру өзекті.
  3. Мұғалімдердің мәртебесін әрі қарай қолдауға, әрі қарай арттыруға нақты шаралар қабылдануы қажет. 
  4. Дамыған мемлекеттер оқу бағдарламаларының мазмұнын 4-5 жылда өзгертіп, өңдеп, жетілдіріп тұрады. Білім мазмұнын қазіргі жасанды интеллект заманын талаптарына сай өзгертуге байланысты, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгеріс енгізу қай деңгейде? Келесі оқу жылында енгізіліп бастала ма?
  5. Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуге – тәуелсіз сыртқы бағалау ретінде тиісті қаражат бөлініп, оның сапалы, әділ, ашық өтуіне министрлік нақты шаралар қабылдауы кезек күттірмейтін мәселе. Білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесін құру бойынша кешенді шаралар қабылдануы шарт.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: