Қалдықсыз өндіріс: Сбербанк «Май» АҚ-ның өндірісін арттыруға қолдау көрсетуде
Қазақстандағы жүз жылдық тарихы бар № 1 май зауытының жылдық май өнімі 100 мың тонна. Бүгінгі таңда «Май» акционерлік қоғамы жеке элеваторы мен қоймаларын қоса алғанда, өз қуатының толық спектріне ие жалғыз зауыт. Өндірістің үдерісі небәрі 48 сағатқа созылады, бұл – майдың пайдалы қасиеттерін сақтаудағы тиімді жолы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зауытта шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімнің сынамаларын алуға дейін өндірістің барлық сатыларында үздіксіз көпсатылы сапа бақылауы жүргізіледі.
«Сбербанк» АҚ ЕБ-ның тарапынан өндірісті кеңейту үшін маңызды қадамдар жасалды, атап айтқанда, қаржыландыру. Банктен алынған кредиттің арқасында кәсіпорын итальяндық SIPA компаниясының жабдықтарын сатып алып, май құю желісінің өндірісін арттырды. Аталмыш жабдық тәулігіне 1-ден 5 литрге дейін жүздеген мың бөтелке шығаруға мүмкіндік береді. Әр шөлмек тексеріліп, дайындалған күнімен таңбаланады және буып-түюге жіберіледі.
Осы орайда айта кетерлігі, Сбербанк Қазақстанның ірілі-ұсақты өндірушілеріне әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Әсіресе пандемия жағдайында әлемдік экономика қиын кезеңдерге тап болғанда банк едәуір қолдау шараларын ұйымдастырды.
«Май» АҚ-мен 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осы жылдарда бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде құю желісі сатып алынды, автопарк жаңартылды. Жалпы біздің серіктестеріміздің өндірісі арқылы өзара ынтымақтастықтың қарқынды дамуын байқауға болады.«Сбербанк» АҚ ЕБ-ның ШҚО-дағы филиалының директоры Ольга Федоренко
Сонымен қатар біз қызметімізді тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, туризм, қызметтер және сауда жобаларына бағыттап келеміз. ШҚО өңірі шекара маңы болғандықтан, үлкен экспорттық әлеуетке ие. Сбербанк клиенттерімен бірге осы бағытты дамытуда белсенді жұмыс істейді. Бүгінгі таңда аймақтық филиалда 3000-нан астам заңды және 80 000-нан астам жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. ШОБ клиенттері инвестициялық жобаларға, айналым қаражатын толықтыруға, банктік кепілдіктер шығаруға және т.б. кредит желісін рәсімдей алады», деп банктің қызметін атап өтті.
Сбербанктің қаржыландыруы арқылы «Май» АҚ зауытта қалдықсыз өндірісті жөнге келтіретін арнайы жабдық сатып алды. Майды сығу әдісімен алғаннан кейін пайдалы өнім шикізатта қалады. Оны алу үшін әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі «Desmet Balestra» (Бельгия) жоғары технологиялық кешені болып табылатын бөлу желісі қолданылады. Алынған өнім кейіннен фармацевтика мен косметологияда қолданылады. Зауыт қалдықсыз өндіріс қағидаты бойынша жұмыс істейді, бұл кәсіпорынның экологиялық тазалығын арттырады.
Банк мемлекетпен өзара ынтымақтастық орнатуда белсенді позицияны ұстанады. Филиал «Даму» КДҚ АҚ, сондай-ақ ҚДБ және «ҚазЭкспортГарант» АҚ-мен серіктестікте бірқатар бағдарламаларды іске асырып отыр. Осы жылдың өзінде мемлекеттік бағдарламалар аясында филиал 10 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландырды.