Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың көбі зейнетақы жинағын баспана алуға және емделуге жұмсаған

Зейнетақы жинағы, Отбасы банк, баспана, емделу, "Бәйтерек" холдингі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 17:46 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 2 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің көмегімен тұрғын үй жағдайын 466 397 қазақстандық жақсартып үлгерді. Олардың ішінде 201 998 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған.

Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1,3 триллион теңгеден астам қаражат кеткен.

Банк өкілдерінің мәліметінше, тағы 62 694 қазақстандық Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарыздарын өтеуге 152 млрд теңге жаратқан. 39 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 134 млрд теңгеге ипотекалық қарызын төлеген. Ал 23 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған.

Олардың 82%-ы екінші нарықтан баспана алса, 18%-ы бастапқы жарнаны құрылыс салушыларға төлеп, жаңа үйлерден баспана алуды жөн көрген.

Тағы 89 480 қазақстандық жалпы көлемі 91 млрд теңге зейнетақы жинақтарын емделу мақсатына жұмсаған.

Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы зейнетақы төлемдерін баспана алу үшін ең көп қолданған аймақтардың алғашқы үштігінде. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары БЗТ пайдалануға ең төмен қызығушылық танытқан.

БЗТ қолданған қазақстандықтардың 65%-ы ер азаматтар. Ал жас ерекшелігі бойынша жартысына жуығы немесе 47%-ы 40 пен 59 жас аралығындағы қазақстандықтар. Зейнетақы қорынан алынған қаражаттың 29,5%-ы 35 жасқа дейінгі жастарға тиесілі.

2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап БЗТ-ін Отбасы банк депозиттеріне аудару мүмкіндігі туды. Бұл мақсатты бүгінде 35 065 адам пайдаланып, өз салымдарына 57 миллиард теңге аударып үлгерді. БЗТ-ін Отбасы банк депозиттеріне аудару мақсатының пайда болуымен әсіресе жастардың аталмыш мүмкіндікті пайдалануы арта түскені маңызды. Қазір Отбасы банкіндегі салымдарын зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын мөлшерімен толықтырған, 35 жасқа дейінгі клиенттердің үлесі 30,4% тең.

Отбасы банкіндегі депозиттерді біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтыру мүмкіндігі – еліміздің жас азаматтарын қолдаудың тиімді құралы. Осылайша, жұмыс істеп жүрген жастар баспанаға тезірек ақша жинай алады. Артынша жинақ шотының мерзімін ескере отырып, Отбасы банкінен жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй несиесін алуға болады. Бүгінгі таңда бұл сіздің өмір сүру жағдайыңызды жақсартудың ең қолжетімді құралы, өйткені мұндай несие бойынша төлемдер отбасылық бюджет еңсере алатындай көлемде, ал артық төлем мөлшері минималды. «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Отбасы банк 82 252 қазақстандық отбасыға баспаналы болу қуанышын сыйлады. Ал жыл басынан бері, алғашқы екі аптаның ішінде 739 несие беріліп, 3196 депозит ашылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: