Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлерге 3,7 млрд теңге бөлінді

Өтемақы, ШОБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 20:52 Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың басындағы тәртіпсіздіктер кезінде кәсібі зардап шеккендерге өтемақы төлеу ісі әлі жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 2 науырызда шағын және орта бизнес субъектілерінің мүліктік шығынын анықтау жөніндегі Өңірлік комиссия кәсіпкерлердің жалпы сомасы 633,6 млн теңгені құрайтын 119 өтінішін мақұлдады. Оның ішінде жалпы сомасы 520,3 млн теңгенің 60 өтініші бюджет қаражаттарының, жалпы сомасы 113,3 млн теңгенің 59 өтініші «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаражысының  есебінен төленді.

«Комиссия жалпы сомасы 3 774,1 млн теңгені құрайтын барлығы 1009 өтінішті мақұлдады, оның ішінде жалпы сомасы 2 796,2 млн теңгенің 519 өтініші бюджет қаражаттарының, жалпы сомасы 977,9 млн теңгенің 490 өтініші «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры қаржысы есебінен  қаржыландырылды», делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінен өтініштері InfoKazakhstan сайтына келіп түседі. Бүгінде Алматыда зардап шеккен 1413 ШОБ субъектісі анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: