Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға 523 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылды

Олигополия, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 19:48 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекетке жалпы сомасы 523 миллиардтан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды. Бұл туралы Активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, күн тәртібіне мұнай өнімдері, сұйытылған мұнай газы және оларды тасымалдау саласындағы мәселелер шығарылды.

Аталған мәселені егжей-тегжейлі талқылау үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылары шақырылды.

Сондай-ақ кеңеске Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығы қатысты.

Елімізде отын-энергетика кешені мен көлік нарықтарының монополияландырылғаны, бұл бәсекелестерге қолжетімділікті шектеу, соңғы өнімге жоғары маржаны белгілеу және артық кіріс алуға жағдай жасайды.

Осыған байланысты комиссия олигополия субъектілерінің монополиялық жағдайын белгілеуге және бәсекелестікті шектеуге әкеп соққан шешімдерге талдау жүргізуде.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектормен бірлесіп тауар нарықтарын монополиясыздандыру, ұлттық компаниялар мен оның еншілес құрылымдарының заңсыз шығарылған активтерін қайтару бойынша жұмыс іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін пайдалана отырып жүргізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені әзірленді.

Бұдан бөлек, ашықтықты қамтамасыз ету және жұмыс нәтижелері туралы халықты жедел хабардар ету үшін Комиссияның веб-сайты іске қосылды.

Жалпы, комиссияның қызмет етуі кезеңінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Мемлекетке жалпы сомасы 523 миллиардтан астам теңгеге келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды, атап айтқанда:

  • қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 млрд теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан - 173 млн АҚШ доллары өтелді;

  • прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер қайтарылды;

  • 600-ден астам теміржол және оларға қатысты жер телімдері қайтарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: