Жалған 30 мың долларды Түркиядан Қазақстанға алып өткендер тұтылды
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қостанай облысында жалған 30 мың АҚШ долларын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Қостанай облысы бойынша департаменті республикамыздың аумағына АҚШ доллары түрінде жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, делінген ҚМА хабарламасында.
Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды.
"Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600 сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript