Ерұлан Жамаубаев қай министрліктер мемлекет қаржысын игермегенін айтты
Сурет: Zakon.kz
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың үкімет отырысында айтқан дерегіне сай, мемлекеттік бюджеттің шығысы 95,8%, республикалық бюджеттің шығысы – 96,5%, жергілікті бюджеттердің шығысы 96,6% атқарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасы көлемінде шығыс болды. Атқарылмаған қаржы 123 млрд теңге болды. Оның ішінде 22 млрд теңге үнемдеуге кетсе, игерілмегені 101 млрд теңге.
"Ең көп игерілмеу сомасы ішкi iстер, қаржы, ғылым және жоғары білім, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасты", - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Игерілмеудің негізгі себебі ретінде Қаржы министрі төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген; конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді ұзақ жасасуы; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажет болмауын атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript