Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің екі облысындағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 18:11 Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды және Түркістан облыстары бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ҚМА-ның Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Балғабаев Ерболат Темірболатұлы тағайындалды.

Ерболат Балғабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған. 


Ерболат Балғабаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 18:11

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі


Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне Төлеутай Нұраби Рашидұлы тағайындалды.

Нұраби Төлеутай бұған дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.


Төлеутай Нұраби, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 18:11

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі


Ұжымға жаңа басшыларды ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: